«1 шілдеден бастап полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішісіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды», - деп мәлімдеді Ақмарал Серікбаева.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Қазір мұндай істердің жартысы татуласумен аяқталып, сотқа жетпей жатыр.
«Мысалы, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады. Бұл психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Ақмарал Серікбаева.