Позитивті видеочеллендж #BATYRLAR деп аталады. Шарт бойынша турниктен жерге түспей арнаулы киімді, жабдықтарды кию қажет.
Челленджге үн қосқан алғашқы кейіпкер № 5 өрт сөндіру бөлімінің командирі Дастан Қастретов болды. Видео Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Карантин кезінде халықтың көңіл-күйін көтеруге бағытталған челленджге үш өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысып, видеоларымен бөліскен.