Сонымен сауалнама қорытындысына сәйкес, ең мықты әрі ержүрек азаматтар тұратын ТМД қаларының қатарына Мәскеу, Екатеринбург, Минск, Дондағы Ростов, Краснодар, Челябі, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа және Нұр-Сұлтан қалалары кіріп отыр.
Интернет арқылы жүргізілген сауалнама барысында Мәскеуге 14, Екатеринбургке 11, Минскіге 10, Дондағы Ростовқа 9, Краснодарға 8, Челябіге 6, Санкт-Петербургқа 5, Қазан мен Уфаға 4 және Нұр-Сұлтан қаласына 3 пайыз дауыс берілген.
Рейтинг ақпан айының екінші жартысында порталға кірген 5 мыңнан астам адамның арасында жүргізілген Интернет-сауалнама нәтижесі бойынша әзірленген.