НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет Қазақстан қоржынына екінші қола медальді салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
75 келі салмақта ел намысын қорғаған Құлахмет жартылай финалда филиппиндік Эумир Марсиальмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды.
Тұрсынбай Құлахмет өткен жылы Жазғы Азия ойындарынаалғаш рет қатысып, чемпион атанған болатын. Міне, әлемдік додаға да бірінші рет қатысып, қола медальға қол жеткізді.
Бұл - бокстан әлем чемпионатындағы екінші қола медаль. Осыған дейін 52 келі салмақта тағы бір отандасымыз Сәкен Бибосынов ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.