Сотталғандардың тәрбие жұмысын жетілдіру үшін мекемеде спорттық, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
Тұрсынбек Қабатов пен оның «командасы» мерекелік бағдарлама аясында қоғамның түйіткіл мәселелерін астарлы қалжыңмен әдемі жеткізіп, көрермендерді күлкіге бөледі.
Концерт соңында «Қала әкімдігінің қолдауымен өткен шараға атсалысқаны үшін елордалық театрға алғысымыз шексіз», - деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мусин.
Мақала «Астана ақшамы» газетінің бүгінгі санында жарық көрді.