Францияның құқық қорғау органдары Руандағы синагогаға от жағуға әрекеттенген адамның кім екенін анықтады. Шабуылдаушыны полиция қызметкері өлімші етіп жаралады.
Руан прокурорының айтуынша, антисемиттік әрекетті екі жыл бұрын тұруға ықтиярхат ала алмаған 29 жастағы алжирлік азамат жасаған. Ол апелляциялық шағым түсіргенімен, өтініші қанағаттандырылмаған. Ер адам үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бері іздеуде болған.
Елдің ішкі істер министрі Жеральд Дарманен X әлеуметтік желісінде полицияға шұғыл әрекет еткені үшін алғыс білдірді.
Француз ақпарат құралдарының полиция дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, тәртіп сақшылары «синагога маңындағы түтінге елең етіп, бірден жеткен».