Прокурорлардың сөздеріне қарағанда, сотталушы Лу Юэтин инсектицидтерді мұздатылған тұшпараға қосып жібергенін өзі мойындаған, ол мұны жалақысы мен әріптестеріне көңілі толмағандықтан жасаған.
Улы затпен жапондықтардың дәстүрлі гедза тұшпарасының бірнеше қорабы бүлінген. Салдарынан Жапонияда 10 адам және Қытайда төрт адам уланған.
ВВС хабарлағандай, бұл оқиға Қытай мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарға салқынын тигізген. Сол кездері қытайдың жартылай дайын азық-түлік өнімдері жапон дүкендерінің сөрелерінен уақытша алынып тасталған болатын.