- Ішкі істер министрі Краковта болған қайғылы атыстан кейінгі жағдай туралы маған тұрақты түрде ақпарат беріп отыр. Полиция терактінің себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр, – деп жазды Дональд Туск Х әлеуметтік желісінде.
Агенттіктің мәліметінше, оқиға орнына Польша ішкі істер министрі Марчин Кервиньский бара жатыр.
Атыс 7 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында Краковтың Бас базар алаңында болған. Ер адам жүріп бара жатқан көліктен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан.
Соңғы мәлімет бойынша, бес адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері де бар.
Күдікті ұстау кезінде жараланып, ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары шабуылдың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Бұған дейін Краков орталығындағы атыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алғаны, олардың арасында екі полиция қызметкері бары хабарланған еді.