Массачусет университетінің қызметкерлері 40 баланы арнайы зерттеген. Ұйқының жағымды әсері келесі күнге дейін сақталатын болып шықты. Демек, ұйқы еске түсіру және сабақта оқығанды бекіту үшін өте маңызды. Осылайша, күндіз бір сағат ұйықтағаннан кейін балалар, бақылауға алынған топқа қарағанда ақпаратты 10%-ға артық еске түсіретін болған.
Миға жүргізілген зерттеу барысында анықталғандай, ұйқы кезінде оқыту және жаңа ақпаратты интегралдауға жауап беретін ми аймақтары белсенді жұмыс істейтін болған. Жалпы, кішкентай балалар күніне 11-13 сағаттан ұйықтауы керек. Сонымен қатар, күндіз аз уақытқа көз шырымын алу ересектердің де ақыл-ой жұмысының қабілеттілігін жақсартады.