10:00, 08 Маусым 2009
Түсті кен шикізаты тиеген 8 жүк вагоны рельстен шығып кетті - ТЖМ
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше кешке Ақмола облысы Атбасар ауданы Адыр-Ирченко теміржол стансалары аралығында түсті кен шикізаты тиеген 8 жүк вагоны рельстен шығып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Соның ішінде екі вагон аударылып, 6-уы теміржолдан шығып кеткен. Орын алған апаттың салдарынан 125 метр теміржол төсендісі бүлініп, 200 метр электр желілері мен бағаналарға зақым келген. Сонымен қатар Астана ? Маңғышлақ, Алматы ? Қостанай, Астана ? Арқалық, Астана ? Санкт-Петербор бағытындағы жолаушылар пойыздарының жүруі кешіктірілді. Апаттың салдарын жою жұмыстарына жөндеу бригадасының 60-қа тарта қызметкері жұмылдырылды. Бүгін түнде жөндеу аяқталып, теміржол қозғалысы толықтай қалпына келтірілді.