Тұт ағашының құпиясын қытайлықтар мыңдаған жылдар бойы жасырып келген

Фото: None
АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Тұт ағашы тәтті, адам ағзасына пайдалы жемісімен ғана емес, сонымен қатар жапыра­ғымен да бағалы.

 Себебі әлемге жібек сынды нәзік те көркем жібек матасын беретін жібек құрты  осы тұт ағашының жапырақта­рын жеп қоректенеді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

 Ұлы Жібек жолымен жаһанды жаулаған қытай мұны мыңдаған жылдар бойы құпияда сақтаған. Солайша үш мың жылдан астам уақыт жібек өнімі тек Қытайдан ғана экспортқа жөнелтіліп жатты. Оларда әлі күнге дейін жібек құпиясын аш­қан адамға өлім жазасы бар. Құпия толықтай ашылмағанымен, кейіннен жібек өндірісі  Жапония, Үндістан, Орта Азия елдеріне ойы­са бастады.  Жалпы, Орта Азияның ха­лық­тары сонау ерте кезден бастап тұт аға­шынан музыка аспаптарын жасаған. Ондай аспаптар өте  бағалы саналған. Бәл­кім, тұт ағашының киелі саналатыны оның орташа өмір сүру жасының - 200 жыл, кейбір түрле­рінің 300-500 жылға дейін өмір сүруіне байланысты шығар (тіпті Иерихонда өсіп тұрғанына 2000 жыл болған әйгілі тұт ағашы бар екен).  Себебі қазақ ескіден келе жатқан көне заттарды қасиетті санап, оларда бір кие барын айтады.