Түтін шығаратын ағаш гүлдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу мемлекеттік университетінің «Аптекарский огород» ботаникалық бағында түтінді ағаш - Скумпия гүлдеді.

Мұнда келушілер  үлпілдеген жүздеген бұтақтарды қызықтай алады. 

«Аптекарский огородтың»   баспасөз хатшысы Ольга Архипованың айтуынша, бұл өсімдіктің ерекшелігі, гүлдеген кезде оны алқызыл түтін тұмшалап тұрады.

«Неге  өсімдікте  осыншама тұманды бұлт шығады? Мұның себебі  қатты тартылған гүл таяқшалары алқызыл жіңішке сан мыңдаған талшықтармен бүркелген,- деп құпия өсімдіктің сырын ашты «Аптекарский огород» директоры  Алексей Ретеюм.

Түтінді ағашты шілде айының аяғына дейін көруге болады.