«Осы жылдың қыркүйегінде тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды 4 өңірде ең көп дебиторлық берешек бар», - деді министр.
Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеуді жетілдіру іс-шаралар қабылданғанын айтты.
«Министрлік өңірлік операторларға қойылатын талаптар бөлігінде ұсынымдар әзірледі. Осы ұсынымдар негізінде әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады. Олар қазіргі уақытта сауда-саттыққа делдалдарсыз тікелей қатысады және көмірді соңғы тұтынушыға, яғни халыққа сатады», - деді Бейбіт Атамқұлов.