«2020 жылы қазақстандықтардың 20 мыңнан астам шағымы қаралды. 250 млн теңгеге жуық қайтарылды. Мәселен, «Бек Эйр» әуе компаниясына талап-арыз бойынша 110 млн теңгеден астам сомаға 1,7 мың тұтынушының құқығы қорғалды», - деді Б. Сұлтанов онлайн редимде халық алдында есеп беруі кезінде.
Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан 6 мыңнан астам шағым қаралып, тұтынушыларға 70 млн теңге қайтарылды.
«Шағымдардың көбісі көлік, бөлшек сауда, тұрмыстық әрі туристік саладағы қызмет сапасына қатысты келіп түседі», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрілігінің басты мақсатын атады.