Төрағаның айтуынша, бүгінгі таңда бірқатар мемлекеттік органдар тұтынушылар құқын қорғау аясындағы заңнаманың сақталуын бақылайды. Нәтижесінде тұтынушылар арызына ден қою шараларын жетілдіру қажеттігі туындаған. «Себебі көптеген жағдайларда әкімшілік ресурстар қолданылып жүр. Мәселен, біз өткен жылы келіп түскен өтініштерге талдау жүргізген едік. Соған сәйкес, оның жалпы санының 7 пайызын арыздар құраса, оның 40 пайызға жуығы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты болып отыр. Жалпы, барлық мемлекеттік бақылау органдары өзара тиімді іс-қимыл жасағанда ғана тұтынушылардың құқығын нақты қорғауға болады», - дейді М. Оспанов. Оның айтуынша, тұтынушылар құқының қорғалуына қатысты жұмыстарды жариялау шаралары да ойдағыдай нәтиже бермей отыр.
Өйткені, тұтынушылар да бұқаралық ақпарат құралдары да бұндай шараларға қызығушылық танытпаған. «Аталған факторлардың барлығы біздің жұмысымызды күшейтуді және қоғамдық ұйымдармен жұмысты жандандыруды талап етеді. Осыған байланысты тұтынушылар құқық қорғау кезінде қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру және мемлекеттік қолдауды арттыру қажет деп білеміз», - дейді М. Оспанов.