Тұтынушылар лигасы Алматыдағы «ерекше проблемамен» күреспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұтынушылар ұлттық лигасы» Алматыда лифт қызметтері бойынша көңіл көншітпейтін төлем жүйесі мәселесін шешуге ниетті. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған ұйымның басқарма төрайымы Светлана Романовская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматада өзіндік проблема бар. Атап айтқанда лифтке төлем шаршы метрлермен есептеледі. Яғни бұл жағдайда үшінші қабатта 3 бөлмелі пәтерде тұратын екі адам 12 қабаттағы 1 бөлмелі пәтерге қоныстанған 15 адамға қарағанда үш есеге көбірек төлейді. Бұл ретте талап-арызды даярлап жатырмыз және осы мәселені ретке келтіруге ниеттіміз»,-деді Светлана Романовская.

Айта кетейік, ол тұтынушылар құқықтарын қорғау бағытында құқықтары бұзылған тұрғындарға 400 млн теңгеден астам қаржы қайтарылғанын жеткізді.

Биыл «Тұтынушылар ұлттық лигасына» 25 жыл толып отырғанына тоқталған Романовская: «Осы уақыт ішінде 2,4 мыңнан астам талап-арыз беріп, жеңіп шықтық. Бұл тұрғыда сотқа дейінгі, медиативтік және кінәрат-талап тәртібі бойынша халыққа қайтарып берген қаржының сомасы 300 млн теңгеден астам материалдық шығынды, сондай-ақ 140 млн теңге моральдық залалды құрап отыр»,-деді.