Осы орайда тиісті мәлімдемені бүгін ҚР Паламент Мәжілісінің депутаты, аталған лиганың төрайымы Светлана Романовская жасады.
Тұтынушылардың ұлттық лигасы мүшелерінің атап өтуінше, жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттің мақсаты халық табысының деңгейін төмендетіп алмауға байланысты. Осы бағыттағы міндеттер «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында шешілуде.
Депутаттың сөзіне қарағанда, аталған бағдарлама мемлекетке әлемдік экономикалық дағдарыстың белестерін еңсеріп, мықты экономиканы құруға мүмкіндік береді.
«Осы және өзге де шаралар елдің экономикасын сауықтырады және қиын кезеңдерден өтуге жол ашады, сонымен қатар қазақстандықтардың әл-ауқатын сақтайды, елдің бірлігін нығайта түседі», - деді С. Романовская.
Оның пайымынша, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін барша халықтың ынтымағы, азаматтық белсенді ұстаным мен барлық әлеуметтік-маңызды проблемаларды шешуге қатысу өте қажет.
Бұл тұрғыда Тұтынушылар ұлттық лигасы еліміздің барша азаматтарын Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдауға шақырды.