Үш шаруашылық жүргізуші субъект 18 000-нан астам азаматтар мен заңды тұлғаларды қаржылық дауларына заңсыз араластырып, оларға қарыз қаржыны төлетпек болған. Астана Эко-Полигон «АстанаГоркоммунхозға» ғимаратын және электр беру желісін пайдаланғаны үшін 610 млн теңге берешек болған.
Талап ету құқығынан шегіну шарты бойынша қарызды «Астана Тазарту» ЖШС өз мойнына алған, кейін кәсіпорын қарызды өтеу міндетін елордалық азаматтар мен заңды тұлғаларға жүктеген.
«Көрсетілген келісімді негізге ала отырып, аталған кәсіпорындар арасында сотпен бекітілген медиативті келісім жасалды. Тұтынушылар тарапынан қарызды өтеуге келісім болмағандықтан, қала прокурорының наразылығымен сот тағайындауы жойылды», - делінген хабарламада.