«Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына қорытынды берген Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті жұмыс тобының қызметі мен депутаттардың белсенділігін осылай атап өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Депутаттар бұл заң жобасымен тыңғылықты жұмыс жасаған. Оның өзі қорытынды салыстырма кестеден де көрініп тұр. Парламентшілер үкіметтік заң жобаға жаңадан 168 түзету мен толықтыру енгізген.
Заң жобасын қабылдау тұтынушы мен өндірушінің өзара қарым-қатынастары процесінде туындайтын қарым-қатынастарын реттеудің тиімді жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қазіргі әлеуметтік, коммерциялық және басқа да қатынастарын жолға қоюға және бұл жұмысқа Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарын тартуға жағдай жасайды.