Тұтынушылық несие беру тәртібіне өзгерістер енгізілмек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың берешегінің бақылаусыз өсуін шектеу мақсатында осы жылдың соңына дейін кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды реттеу бойынша нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Е. ДосаевҰлттық банк бекіткен, кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша есептелгенайыппұлдар мен өсімпұлдарды 30 шілдеге дейін есептен шығару механизміне сәйкес,банктер мен микроқаржы ұйымдары есептелген тұрақсыздық айыбы бойынша берешектікешіруді жүзеге асыратынын хабарлады.

«Банктер,микроқаржы ұйымдары және Проблемалық кредиттер қоры арасында есептен шығарылғанайыппұлдар мен өсімпұлдардың бір бөлігін өтеу туралы келісім жасалған соң, 20тамызға дейін Қордан банктерге және микроқаржы ұйымдарына айыппұлдар менөсімпұлдар бойынша кешірілген берешектің 30%-ын өтейді. Осыдан кейін, ҰлттықБанк өзінің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде есептелгенайыппұлдар мен өсімпұлдарды кешіру бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарыжүргізген рәсімдерді тексереді», - деп түсіндірді ҰБ басшысы.

Оның сөзінеқарағанда, жүйелік проблемаларды және болашақта азаматтардың берешегініңбақылаусыз өсуін шектеу мақсатында осы жылдың соңына дейін Ұлттық банккредиттеу субъектілерін, оның ішінде онлайн-кредиторларды, кредиттіксеріктестіктерді және ломбардтарды реттеу мәселелері бойынша қажеттінормативтік-құқықтық актілер қабылдайды.

Ол «Банктермен банктік қызмет туралы» Заңға және «Микроқаржылық ұйымдар туралы» Заңға 90күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздарға тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдересептеуге тыйым белгілеу бойынша түзетулер енгізілетінін айтты. Бұл түзетулердіҰлттық банк Парламенттің қарауына ағымдағы жылғы қыркүйекте енгізеді.

«Азаматтардыңборыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз беру кезінде қарызалушының барлық міндеттемелері, оның төлем қабілеттілігі және әлеуметтікмәртебесі есепке алынатын болады. Мәселен, борыштық жүктеме коэффициентініңшекті мөлшерін есептеу кезінде отбасының кәмелеттік жасқа толмаған әрбірмүшесіне тиесілі ең төменгі күнкөріс мөлшері шегерілетін болады. Пруденциялықреттеу аясында кепілсіз тұтынушылық кредиттер беру кезіндегі банктердің меншіккапиталына қойылатын талаптар күшейеді. Бұл шектен тыс кредит беру саясатыныңалдын алуға бағытталған», - деді Е. Досаев.

Е. Досаеватап өткендей, заң аясындағы актілерге тиісті түзетулерді Ұлттық банк ағымдағыжылғы қыркүйекте қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар