Қазақстанда медициналық-демографиялық көрсеткіштер тұрақты түрде жақсарып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:
- туу көрсеткіші 1,8%-ға артты (14,49-дан 14,75-ке дейін);
- жалпы өлім 8,4%-ға төмендеді (6,2-ден 5,68-ге дейін);
- нәресте өлімі 28,5%-ға азайды (6,66-дан 4,76-ға дейін). Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп, 100 мың тірі туған балаға шаққанда 16,2-ден 8,2-ге дейін азайды.
Өлімнің негізгі себептері ретінде төмендегі көрсеткіштер аталды:
- қанайналым жүйесі ауруларынан — 13,9%-ға, оның ішінде:
- жедел миокард инфарктынан — 6,5%-ға,
- инсульттен — 7,8%-ға;
- қатерлі ісіктерден — 7,4%-ға;
- жазатайым оқиғалардан, жарақаттар мен уланулардан — 2,3%-ға;
- тыныс алу жүйесі ауруларынан — 18,7%-ға тұрақты төмендеуі байқалады.
Бұл көрсеткіш денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін айта кету қажет.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елдегі педиатриялық қызметті күшейтіп жатқанын жаздық.