«Ауруханаға жеткізілгендер саны бұрынғыша. Олардың жағдайы жақсарды, ауыр халде жатқандар жоқ. Дәрігердің көмегіне жүгінгендер саны 160 адамға жетті. Бүгін тағы бес адам келді, олардың барлығы стационарда ем қабылдап жатыр», - деді денсаулық сақтау министрлігі.
Тувада ішек инфекциясы індеті «Шаурма» қоғамдық тамақтану орнына келушілер арасында шыққан.
Сәрсенбідегі дерек бойынша, зардап шеккендер саны 155-ке жеткен, олардың 80-і ауруханада жатыр (соның ішінде 16 адам тұрақты ауыр халде жатыр).
14:17, 19 Шілде 2018
Тувада шаурмадан 160 адам уланды
КРАСНОЯРСК. ҚазАқпарат - Ресейге қарасты Тува елінің Кызыл қаласында шаурмадан уланғандар саны 160-ға жетті, деп хабарлайды ТАСС Республиканың денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.