Түйеқұс жұмыртқасының бір данасы 1,2 мың рубльден сатылып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сахалин зообағы түйеқұс белсенді жұмыртқалай бастағандықтан сата бастады. Өйткені онда балапандар шығаратын инкубатор жоқ, - деп хабарланды бақ сайтында.

Жұмыртқаның бір данасы 1,2 мың рубльден сатылуда.

Жұмыртқадан басқа зообақ түйеқұстың қанаты мен мамығын да сатуда, деп хабарлайды interfax.ru. Саябақ аумағында бүгінде төрт түйеқұс бар: үш аталық пен бір аналық. Зоологиялық қызмет өкілінің айтуынша, сахалин климатында құстар өздерін жақсы сезінеді: қар басқан алаңға шығады, тоғанда шомылады.