Түйме ұрлаған жасөспірімдер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшалық сот Ұлыбританияның екі азаматына қатысты қылмыстық істі қарап жатыр, олар Освенцим лагерінің тарихи экспонаттарын ұрлады деп айыпталуда, деп жазады шетелдік БАҚ.

Жасөспірімдер Освенцимдегі бұрынғы концлагерінде экскурсияда болған. Олардың қалтасынан лагерь тұтқындарынан қалған қасықтың сынығы, түйме және шыны сынықтары табылды. Екеуінің де жасы 17-де. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін сотталуы мүмкін.