Айта кетейік, жуырда ғана ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің бұйрығымен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың келісімімен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мұратбек Есенбекұлы Әмірбеков тағайындалған болатын. Аймақ басшысы кездесуде жаңадан тағайындалған басшыға газ, су, электр жарығы, жылу тарифтерін тұрақтандыруға атсалысуға шақырды.
«Күні кеше ғана Елбасымыз еліміздегі коммуналдық тарифтердің жөн-жосықсыз көтерілуіне жол бермеу туралы тапсырма берді. Алдағы уақытта сіздің жұмысыңызға сәттілік тілей отырып, өңірдегі табиғи монополияларды реттеуге атсалысады деп сенім білдіремін. Коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін қадағалауда қырағылық танытып, тұтынушылардың құқықтарын сақтаудағы жұмысыңыз жемісті болсын!», - деді Жансейіт Қансейітұлы.