«Қостанай аудандық соты тергеуші, полиция лейтенантыА.В.Рогожинаның Қостанай аудандық прокуроры Р.А.Кәрімов келісімін бергенА.Мұқановқа қатысты 2 ай мерзімге қамау туралы өтінімін қанағаттандырды», - депмәлімдеді сот.
Аслан Мұқанов адам өлтірді, яғни кінәлі адамға дәрменсiзкүйде екенi көрінеу белгiлi адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратты дегенкүдікке іліккен.
Бұдан бұрын Қостанай аудандық полиция бөлімініңқызметкерлері адам өлтіру дерегін ашқаны хабарланған болатын.
Кейінірек полиция қызметкерлері боксшыны өлтірді дегенкүдіктінің ұсталуына қатысты кейбір деректерді айтқан.
Автор: Жанна Мұсабаева