Альпинист тас көшкінінің астында қалып қойған.
Қаладық ТЖД таратқан ақпаратқа сəйкес, 7 тамызда «Альпийская роза» туристік тобы Тұйықсудағы Ине асуына саяхатқа аттанған.
Мыңжылқы аңғарындағы құзға өрмелеп келе жатқанда олар тас көшкінің астында қалып, бірі жарақаттанған.
9 тамызда кешке туристердің туысқандарының бірі ТЖД 112 нөміріне хабарласып көмек сұрады. «Тұйықсудағы теңіз деңгейінен 4200 метр биіктіктегі Ине асуында тас көшіп альпинистердің бірі Ртищев Евгентий жарақат алды. Өздігінен қозғала алмайды» деген хабарлама түсті.
10 тамызда таңмен таласа сағат 6-да «Қазəуеқұтқару» тікұшағымен республикалық құтқару жасағының мамандары оқиға орнына шықты.
«Ка-32» экипажы тік жарға тікұшақты қондыра алмады. Біраз уақыттан соң экипаж командирі С.Корольков лагерьден 500 метр қашықтықтағы жерде дəрігерлер мен құтқару жасағының маманын түсірді.
Құтқару тобы альпинистік жабдықтармен жапа шеккен адамға жетіп көмек көрсеткен.
Адьпинист 1,5 сағатта ашық жамбас сынығымен зембіл арқылы тікұшаққа жеткізілді. Осы уақытта тікұшақ жерге қонбай тұрған.
20 минутта Ртищев 7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы қазір орта деңгейде», -деді Сандуғаш Баймухамбетова.
Тауға барлығы 5 адам шыққан.