Тұз адамзат баласы тұтынатын барлық тағамның құрамында бар. Натрийдің артық болуы қысымды арттырады. АҚШ-тың Тафтс университеті ғалымдарының айтуынша, әлемде әрбір оныншы адам жүрек-қан тамырлары аурулары себебінен қайтыс болады екен. Ғалымдардың айтуынша, құрамында натрий бар тұздың зиянын осы уақытқа дейін ешкім ескермеген. Ал оны мөлшерден асырып пайдалану қан қысымының артуына әсер етіп, жүрек талмасына соқтырады. Әлемде жүрек-қан тамырлары ауруынан 1,65 миллион адамның өмірі қиылды. АҚШ, Африка, Орталық Азия елдері тұзды шамадан артық қолданады екен. Нақтырақ айтқанда, америкалық күніне 3,6 грам тұз қосса, африкалық 2,8, ал Орталық Азия елдерінің халықтарының күнделікті тұтынатын тұз мөлшері 5,51 грамм екен. Зерттеу 205 елде жүргізілген.
00:17, 17 Тамыз 2014
Тұздың кесірінен жыл сайын жер шарының әрбір оныншы тұрғыны қайтыс болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ересек адамдарға күніне 2 грамнан артық тұз пайдаланбауға кеңес берді, себебі тұз қан қысымының артуына әсер етеді, деп жазады Medical News Today.