Түзету мекемелерінде пара берушілер азаймай отыр

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қабылданып жатқан алдын-алу шараларына қарамастан, республиканың түзету мекемелерінде пара алу көрсеткіші азаймай отыр,

   деп хабарлады  Әділет министрлігі  Қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінің баспасөз   қызметінен.

Қылмыстық  із  кесу  органдары      қылмыстық-атқару  жүйесінің ішкі  қауіпсіздік  қызметкерлерімен      бірлесе  отырып, жылдың басынан бері  республика  бойынша  пара  беру  үстінде  12  азаматтық тұлғаны   ұстады.     Тоғыз   жағдайда  пара беру  фактісі  бойынша  қылмыстық  іс  қозғалды.