Түзеу мекемесінің тергеу изоляторында ақсақалдар концерт қойды- ШҚО
00:13, 03 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемендегі ОВ-156/1 түзеу колониясында 70 жастағы ақсақалдардан құралған «Атамұра» ансамблінің өзгеше концерті ұйымдастырылды.
Бұл туралы қылмыстық- атқару жүйесі департаментінен хабарлады.
«10 адамнан тұратын «Атамұра» ансаблінің ерекшелігі, шығармашылық ұжым орта жасы 70-ті құрайтын кілең қадірменді ақсақалдардан құралған. Олардың бәрі Шығыс Қазақстан облысының тумалары. Жоғары білімді, мемлекеттік қызметте лауазымды тұлғалар болған.
10 жылдың ішінде ансамбль 80 концерт қойған, тіпті Ресейдің шекаралас аудандарында, сондай-ақ Моңғолияда да болып қайтқан», - деп атап өтті өз әңгімесінде ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің өкілі Арман Катанов.