«ТВ+» - жаңа буынның телевизиялық хабар тарату қызметі таныстырылды
19:08, 10 Наурыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі ең ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» IPTV технологиясы бойынша қызмет көрсететін жаңа буынның телевизиялық хабар тарату қызметін ұсынды. Бұл жоба әрбір қазақстандық үшін өз үйлеріндегі эфирді басқаруға және бір уақытта бірнеше гаджеттен әртүрлі бағдарламаларды көруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақтелекомның» «ТВ+» телевизиялық платформасы жаңа заманауи IPTV/OTT гибридті кешені негізінде құрылған. Бұл екі стандарт - IPTV және OTT өзара бөлек қолданған кезде де бірегей сапалы ұсыныстардың шоқтығын ұсынатын жүйе. Ал олардың бір алаңда топтасуы абонентке өзіндік, бірегей және оңтайлы телевизиялық пакетті «өз қолымен» құруға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа технологияға айналады. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, елімізде танымал, интерактивті ТВ-алаңының пайда болуы қазақстандық контенттің дамуына серпін береді. «Біздің телевизиялық платформа аясына «Қазақстанда жасалған» атты кең көлемді кітапхана қоры кіреді. Бұл жерде «Қазақтелекомның» «ТВ+» жобасы үшін арнайы жасалған қазақстандық фильмдер мен бағдарламалардың жиынтығы қамтылған. «Қазақстанда жасалған» кітапханасының тұрақты түрде кеңейіп тұруы үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Ыңғайлы және танымал телевизиялық платформаны құра отырып, отандық актерлер, блогерлер, журналистер мен публицистердің жобалары үшін тұрақты алаң ұсынамыз», - деді Қуанышбек Есекеев.