Тверь хоккей клубы Қазақстан Әнұранымен болған қателік үшін кешірім сұрады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - ТХК Тверь хоккей клубы Қарағандының «Сарыарқа» командасымен өткен матчтың алдында

Қазақстанның ескі Әнұраны орындалғаны үшін кешірім сұрады, деп хабарлады Vesti.kz

«Тверь хоккей клубының басшылығы мен баспасөз қызметі «Сарырақа» хоккей командасынан, клубтың жанкүйерлерінен, Қазақстан Республикасының тұрғындарынан кеткен олқылық үшін кешірім сұрайды», - делінген ТХК ХК-ның ресми сайтында.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Пермь қаласында жергілікті Тверь хоккей клубы мен Жоғары хоккей лигасының көшбасшысы «Сарыарқа» арасында өткен матч алында Қазақстанның ескі Әнұраны шырқалды. Кейін «Сарыарқа» командасы Жоғары хоккей лигасына Қазақстан Әнұранымен болған жаңылыстыққа қатысты хат жіберді.