Тверь қаласында «Жигулиді» айдап әкетіп, темір-терсекке тапсырған зейнеткер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тверь қаласының полициясы «Жигули» көлігін айдап әкетуде күдікті танылған 65 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Зейнеткер көлікті айдап әкеткенін мойындап, оны заңды иесінің үйінің ауласынан ұрлағанын айтты, деп хабарлады «Российская газетаға» ІІМ аймақтық басқармасының баспасөз қызметкері Наталья Кононенко. Ол сондай-ақ ұрлаған көлікті қара және түсті металдарды қабылдау орнына тапсырғанын мойындады.

Айдап әкетушінің сөздерінен ол ешкімге қастандық ойламағанын, тек аздаған табыс тапқысы келгені белгілі болды.

РФ ҚК-нің 158 бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.