Твиттерде американдықтар Қазақстанның Олимпиададағы жетістіктеріне таңғалуда

None
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Твиттерде американдықтар Қазақстанның Олимпиададағы жетістіктеріне таңғалуда әрі біздің еліміз туралы барынша мол ақпарат алуда, деп хабарлады sport.headline.kz.

Велошабандоз Александр Винокуров пен ауыр атлет Зүлфия Чиншанло Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына 2 алтын медаль салғаннан кейін, біздің топ жалпыкомандалық есепте жоғары орынға көтерілді. Олимпиаданың екінші күнінің өзінде-ақ Қазақ елі жайында бүкіл әлем жұртшылығы барынша мол ақпарат алуға тырысты. Сонымен қатар көпшілік үшін бұл жаңалық та болып отыр.

Мәселен, Твиттерді пайдаланатын американдықтардың басым бөлігі мұндай елдің бар екендігінен мағлұматтары тым аз екен. Зүлфия Чиншанло Олимпиада чемпионы атанғаннан кейін американдықтар Твиттерде: «Қазақстан шындыққа айналды. Енді басқа да елдерді танып-білуге тырысайық», - деп жазды.

«Мен әркезде де Борат «Қазақстан» деп аталатын мемлекетті ойдан шығарған деп ойлаушы едім», - деп жазады американдық Твиттерде.

«Қазақстан шынымен де бар мемлекет екендігін білмеппін. Қазақстан - бұл Еуропа ма?. Менің күдігім бар әлі де», - деп жазады келесі американдық.