TWESCO делегациясының Бішкекке сапары аясында ұйымдастырылған кездесуде Д.Қыдырәлі ұйымның қызметі мен келешек жоспарлары жөнінде әңгімеледі. Қырғызстандық ғылыми ұйымдар мен ғалымдары арасындағы байланыстарды сөз етіп, атқарылған ортақ жобалар жөнінде баяндады.
Өз кезегінде министр орынбасары Нұрмамат Эсенкулов академия қызметін жоғары бағалап, алдағы жобаларына мейлінше қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.
Аталған министрліктің өзге де өкілдері қатысқан басқосуда алда өтетін Түркі кеңесі Білім министрлер кеңесінің күн тәртібі де талқыланды. Сонымен қатар, болашақ жоспарлар мен бірлескен ғылыми жобаларға байланысты алдын-ала келісімдерге қол жеткізілді.