Twitter-дің басқарушы директоры қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter-дың басқарушы директоры Али Ровгани қызметінен кетті. Бұл туралы компания АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар бойынша комиссиясына тапсырылған құжаттарында хабарлады, деп жазады РБК.

Twitter-де хабарланғандай, Ровгани компанияда бас директордың кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады. Twitter Ровгани кеткеннен кейін оның орнына жаңа басқарушы директорды іздеуді жоспарлап отырған жоқ. Компанияда хабарлағандай, оның міндеттерін Twitter басшылығының басқа мүшелері өздері атқаратын болады.