Twitter-ге жаңа басшы іздестірілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter-дің бас директоры Дик Костоло отставкаға кетеді, компанияны уақытша оның негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси басқаратын болды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Компанияның мәлімдеуінше, Костоло 1 шілдеден бастап өз қызметінен кетеді, бірақ Twitter-дің директорлар кеңесінің құрамында қалады. Танымал интернет-ресурстың тұрақты басшысы болуға лайық адамды іздестіруді енді арнайы комиссия қолға алмақ.

Twitter Inc. американдық компаниясы 2006 жылы құрылған. Оның негізгі өнімі - жұртшылықтың 140 символға дейінгі қысқаша хабарламалар алмасуы үшін құрылған әлеуметтік желі. Компанияның штаб пәтері Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында орналасқан.