«Popular Science» порталы хабарлағандай, америкалық Twitter компаниясы аппаратқа патент алды, ол қысқа мәтіндік хабарлама - твит көмегімен басқарылады.
Патент мәтініне сәйкес, ұшқышсыз аппарат фото түсірілімдер мен видеожазбаларлы жазып, ұсына алады. Оны микроблогта бөлісуге болады. Бір ерекшелігі, ол бағдарламаны дронды басқара алатын бір адам ғана емес, бірнеше адам жүргізе алады. «Ал бұл осы жылғы қарашада ұшқышсыз аппарат иелерін тіркеуден өтуді міндеттеген АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы үшін елеулі проблемалар тудыруы мүмкін», делінген басылымда. Бірнеше адам басқаратын ұшатын аппараттың иесін есептеу мүмкін емес, бұдан басқа бұл дронның қауіпсіздігіне де кепілдік бермейді.
«Popular Science» атап өткендей, бұл аппарат ірі шараларда түсірілім, селфи жасай алады, алайда бірден бірнеше адамның басқара алуы оның апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін.