Twitter компаниясының акциялары арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter компаниясының алғашқы тоқсандық қаржы есебін жариялағаннан кейін оның акциясы 18 пайызға арзандады, деп хабарлады «ВВС».

Бұған дейін Twitter-дің алғашқы үш айдағы есебі туралы құпия ақпарат жарияланып кеткеннен кейін компания акциясы 4 пайызға арзандағаны айтылған болатын. Осыдан кейін, жарты сағаттан соң компания тоқсандық есепті ресми түрде жария етті. Акцияның құны - 48,96 доллар, бір акция үшін баға 2,7 долларға арзандады. Жария болған мәліметке қарағанда, компания түсімі 436 млрд. доллар болған. Алайда, бұл алдын ала жоспарланған көрсеткішткен 4 млрд. долларға төмен.