Компания өкілінің хабарлауынша, әзірше бас директордың міндетін құрылтайшылардың бірі Джек Дорси атқаратын болады.
Осы лауазымда 5 жыл бойы жұмыс істеген 51 жастағы Костоланың кету себебі әзірге хабарланбай отыр.
Twitter Inc.компаниясы 2006 жылы құрылған болатын. Оның штб-пәтері Сан-Францискода.
Компанияның негізгі өнімі -жария түрде қысқа хабарламалар алмасуға арналған әлеуметтік желі.