Twitter компаниясының топ-менеджерлері жұмыстан кетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әлеуметтік желінің үш топ-менеджері жұмыстан кететін болды. Бұл туралы Recode хабарлайды.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, компанияның өнімдері жөніндегі директоры Кевин Вайль, медиалық бағыттың басшысы Кети Джейкобс пен инженерлік бөлім басшысы Алекс Реттерлер орнын таяуда босатпақ.

Сондай-ақ компанияның директорлар кеңесіне жаңадан екі адам кіретін болады, деп жазады 24.kz.
Фото:blogspot.com