Twitter бас директоры Джек Дорсидің сөзіне қарағанда, компания негізгі құрылымдардың дамуына мән бермек.
«Бізде нақты жоспарымыз бар және біз Twitter көпмерзімді өсімді қамтамасыз ету үшін тиісті өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз», - деді Джек Дорси.
Қызметкерлердің санын қысқарту туралы компания ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы қаржы есебін жариялай отырып хабарлады. Есепке сәйкес, компанияның тоқсандық табысы 8% - 616 млн долларға дейін өскен. Соңғы үш айда компания шығыны 22% - 103 млн долларға дейін қысқарған.