Twitter украин тіліне аударылды

None
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Twitter шағынблоктарының сервисі украин және каталон тілдеріне аударылды.

Бұл туралы сервистің ресми блогынан хабарланды. Енді Twitter қолжетімді болған тілдердің саны 30-ға жетті.

 Twitter 2006 жылы іске қосылды, ал интерфейстің аудармасы қолданушылардың күшімен 2009 жылы басталды. Бүгінгі күні сервисті 140 миллион адам белсенді пайдалануда.