АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын блоктар қызметін жүзеге асыратын Twitter бірдей немесе өте ұқсас жазбаны бір уақытта бірнеше аккаунтта жариялауға тыйым салмақ. Бұл туралы әлеуметтік желінің интернет-блогта жарияланған мәлімдемесінде хабарланған, деп жазады ТАСС.
Хабарламада айтылғандай, бұл шара спаммен күрес және жағымсыз ақпараттардың таралмауы үшін жасалып жатыр.
Сондай-ақ, қоданушылар бұдан былай арнайы бағдарламалардың көмегімен бір уақытта бірнеше аккаунт арқылы «лайк» басып, жазбаларды бөлісе алмайтын болады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.