Twitter журналистерді жаңалықтардан жұрттан бұрын құлақтандырып отырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Twitter микроблогтар сервисі Dataminr стартабымен бірлесіп, маңызды жаңалықтарды іздеуде журналистерге көмектесуді көздеп отыр, деп хабарлады РИА «Новости».

Журналистерге арналған Dataminr for News жаңа сервисі тілшілердің копьютеріне немесе ұялы телефонынан маңызды жаңалықтарды Twitter-дің өзіне немесе жаңалық порталдарына шықпай тұрып хабарлап үлгереді. TechCrunch мәліметтері бойынша, Dataminr for News-ке қосылам дейтін журналистерге осы жылдың соңына қарай қол жетімді болмақ. Ал оған жазылу бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз. Қазір сервис CNN медиакомпаниясында сынақтан өтуде. Аталған ақпараттық компания бұл қызметті бірнеше айдан бері қолданып келеді. Күн сайын содан шамамен екі хабар жариялайды. «Бұл біз үшін бәсекелестерден озып кетуге таптырмас құрал болып отыр», - дейді CNN Digital басшысы Кеннет Эстенсон.