Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік актісін жасағандарға өлім жазасы үкімі шығарылды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік актісін жасаған үш лаңкеске өлім жазасы үкімі шығарылды. Бүгін ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында халық соты осындай үкімді жария етті.

Сот «қоғамдық тәртіпке қарсы қылмысты ұйымдастырғаны және лаңкестік топ құрғаны үшін» деген айыппен үш адамға ату жазасын берді, бесеуі неөмір бойы түрмеге отыру жазасы тағайындалды және 5 жылдан 20 жылға дейін мерзімге тиісінше бас бостандығынан айыруға сотталды.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 28 қазанда Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік акт жасалды. Лаңкес басқарған жол талғамайтын машина адамдар тобына қарай бағытталып, соңынан жарылды. Оның салдарынан алты адам қазаға ұшырады, тағы 39-ы жараланды.

Қытай билігі 22 мамырдағы Үрімжі базарларының бірінде болған лаңкестік актісінен кейін бір жыл бойы лаңкестікке қарсы науқан жүргізді. Сонда бірнеше жарылыстардан 39 адам мерт болып, 94-і жараланған еді.

Шыңжаңның жергілікті соттары 5 шілдеде 12 адамға өлім жазасын кеті, тағы 69 адам өмір бойы түрмеге қамалды және лаңкестік ұйым қызметіне қатысқаны немесе басшылық еткені, сондай-ақ қасақана адам өлтіру мен өрт салу қылмыстарын жасағаны үшін әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.