Тяньцзиньдегі жарылыстан қаза тапқандардың саны 112 адамға жетті
10:29, 16 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Тяньцзинь қаласында болған сериялық жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 112-ге дейін ұлғайды, оның 24-ін ғана кім болғаны анықталды, деп хабарлады РИА Новости CCTV телеарнасына сілтеме жасап.
Осыған дейін 104 адам ажал құшты деп хабарлаған болатын.
«Мерт болғандардың саны 112 адамға жетті, 24 адамның кім болғаны анықталды», - деп хабарлады телеарна. Синьхуа агенттігі 95 адам із-түзсіз жоғалды деп есептелетінін хабарлады.