Тяньцзиньдегі жарылыстар: қаза тапқандардың саны 158 адамға жетті
18:17, 31 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде 94 өрт сөндіруші мен 11 полицейлік бар. Із-түзсіз жоғалғандардың арасында он өрт сақшысы мен бес өзге тұлға бар.
12 тамызда Тяньцзинь қаласындағы химикаттар қоймасында орын алған жарылыс құрбандарының саны 158 адамға жетті, тағы 15 адам із-түзсіз жоғалған деп есептеледі. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Оқыс оқиға салдарынан шамамен 800 адам жарақаттанды. 356 жапа шегуші ауруханада жатыр, олардың 17-сінің жағдайы ауыр. Жарақаттанған 442 адам емдік шараларынан кейін үйлеріне жіберілді.