Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді іздеуге әскерилер ұшып шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тянь-Шань тауында жоғалған Қазақстан альпинистерін іздеп табу үшін Жеңіс шыңына әскери альпинистер ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әскери альпинистер апат орнын айналып қарап шығу үшінҚарқара лагерінен Жеңіс шыңының іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан тұсына ұшыпшықты», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялардепартаменті.

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев,Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кетті. Алматықаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуінеқатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді.

Кейінірек құзға өрмелеушілердің бірінің қызыәлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады.

Көп ұзамай ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистердіқұтқару операциясын бастағанын мәлім етті.

Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаевжетекшілік етуде.