АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Президенттің сапары ертең Бейжің қаласында жалғасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысқанын хабарлаған болатынбыз.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.